Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекІшкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда 78 түрме бар. Түрмелер жазасын өтеп отырғандардың жасаған қылмыстарының ауырлық деңгейіне қарай бөлінеді.
78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар. Оның ішінде қауіпсіздігі барынша төмен 16 түрме, 13 орташа қауіпсіз түрме, кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіз мекеме саны - 1. Сонымен қатар, қауіпсіздігі барынша жоғары 16 мекеме, төтенше қауіпсіз мекеме - 6 және 1 толық қауіпсіз мекеме бар. Одан бөлек, әйелдерге арналған 6 жазасын өтеу және туберкулезге шалдыққан сотталғандарға арналған 2 түрме бар. Сол сияқты ел аумағында қауіпсіздігі аралас 18 жазасын өтеу мекемесі жұмыс істеп тұр, - деген жауап алдық Ішкі істер министрлігінен.
Ресми хабарламада айтылғандай, жазасын өтеу мекемелерінде ер, әйел, кәмелет жасына толмағандар мен жұқпалы ауруға ұшырағандар бөлек ұсталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде жыл сайын шамамен 15 мың адам түрмеге қамалады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір түрмелерде 28 мың адам жазасын өтеп жатыр. Сондай-ақ жыл сайын шамамен 6 265 адам түрмеден шығады.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес