20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨңірлерде Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іріктеу кезеңіне білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарынан 446 оқушы қатысты. Олимпиада шарты негізінде әрбір қатысушы төрт пән бойынша берілген тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – орта білім беру ұйымдары оқушыларының ішінен математика, физика, химия, биология пәндері бойынша дарынды балаларды анықтау, олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіби бағдар алуы үшін жағдай жасау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына ықпал ету.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ, олар еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуда басым құқыққа ие болады.
Айта кету керек, Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі осы жылдың 3 қазанында өтті, оған 2933 оқушы қатысты. Олимпиаданың республикалық кезеңі биылғы қараша айының екінші онкүндігіне жоспарланған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?