20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның мақсаты-оқушылардың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту, балаларды, ата-аналарды және мектеп әкімшілігін жобаға тарту арқылы оларды теріс әдеттерден қорғау.
Вице-министрдің айтуынша, жобаға 1200 мектеп қатысады. Қазіргі таңда басқа да білім беру ұйымдарын тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Жасөспірімдерді нашақорлық, вейпинг, лудомания сияқты жағымсыз құбылыстардан қорғау үшін Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларды теріс әдеттерден қорғау және олардың денсаулығын дамыту жөніндегі бірнеше жол карталары мен іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыруда. Биология, дүниетану, жаратылыстану және дене шынықтыру пәндерінің мазмұнына темекі шегу мен есірткінің зияны туралы тақырыптар енгізілді. Сонымен қатар мектептерде полиция және медицина қызметкерлерінің қатысуымен психоактивті заттар мен вейптерді қолданудың алдын алу бойынша іс - шаралар өтеді, - деп атап өтті вице-министр.
Бұл жұмысқа барлығы 90 мың маман, сегіз мыңнан астам педагог-психолог және төрт мың әлеуметтік педагог тартылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?