20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Сенат депутаты Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатордың сөзінше, Қазақстанда тұтынылатын қанттың тек 10%-ы ғана отандық шикізаттан өндіріледі екен.
Осы уақыт ішінде ұлттық өндірісті дамытып, қант шикізатына тәуелділікті азайту үшін қабылданған шаралар тиімсіз болды. Үкіметтің қаулысымен қабылданған қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда қызылшаның егіс көлемін 38 мың гектарға дейін ұлғайтып, қант өндірісінің көлемін 7 есеге артыру жоспарланған. Бұл мақсаттарға 495 миллиард теңге қажет, - деді сенатор.
Айтуынша, кешенді жоспарда қызылша өсіруді ғана емес, сонымен қатар қант өндірудің балама әдістерін де ескеру қажет. Өндірістерде тәтті алмастырғыш ретінде бидай, картоп және жүгері сияқты дақылдардан алынған глюкоза-фруктоза сиропын да қолдануға болады.
Бидай, картоп, дәндік жүгері сияқты дақылдардан крахмал шырынын алу технологиясы әлемде кең дамыған. Жүгері крахмалы негізінде глюкоза-фруктоза шәрбаты шығарылады және оны сусын зауыттарында, кондитер фабрикаларында, кулинарлық цехтарда қант орнына пайдалануға болады. Ол шырынның қантты алмастыру коэффициенті 1,2 құрайды. Оның үстіне дәндік жүгеріден шырынның шығымдылығы 60-65%, ал қызылшадан 15-20% ғана. Яғни ел тұтынатын 650 мың тонна қанттың жартысына жуығын дәнді жүгеріден алуға болады. Ол үшін қазіргі дәнді жүгерінің егіс алқабын 25-30% ұлғайтса жеткілікті. Ғалымдардың зерттеуінде, дәнді жүгерінің 1 га-на кететін өндірістік шығын 400 мың теңге болса, қант қызылшасына кететін шығын 850 мың теңгені құрайды, - деп атап өтті сенатор.
Сенатор осыған байланысты «2022-2026 жылдарға арналған қант саласын дамытудың кешенді жоспарын» пысықтауды және онда қант пен оның алмастырғыштарын өндірудің балама жолдарын қарастыруды ұсынды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?