20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАпта ортасында еліміздің басым бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда 29 тамызда солтүстік-батыс циклонының ойпатының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады, 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңбыр, найзағай күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ пен екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыста ауа температурасы +20…+31°С шегінде, оңтүстік-батыста +27…+35°С болады.
Ауаның төмендеуі күтіледі:
Қазақстанның солтүстік-батысында +23…+33°С-тан +15…+23°С-қа дейін,
солтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+35°С-тан +15…+23°С-қа дейін,
елдің орталығында қатты ыстық +30…+37°С-тан +18…+27°С-қа дейін,
Шығыс Қазақстанда +22…+32°С-тан +17…+28°С-қа дейін,
оңтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+41°С-тан +26…+35°С-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік-шығыста +33…+38°С қатты ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?