Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбеде көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі уақытта Жіңішке өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Еске сала кетсек, өткен көктемде өзен арнасынан асып, оның аумағында орналасқан саяжай учаскелеріне су басу қаупін тудырған еді. Бүгінде мердігерлер болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бөгетті тұрғызу және нығайту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта қажетті шаралардың шамамен 80 пайызы орындалған. Бөгет құрылысы қараша айында аяқталмақ.
Біз су басу қаупі жоғары аймақтағы бөгеттің биіктігін бес метрге дейін көтердік. Нысанның ұзындығы - 900 метр, ені - алты метр. Бөгеттің беті көктемгі су тасқынына төзімді әрі берік болуы үшін арнайы техникамен нығыздалып, тегістеліп, тастармен қаланды, - деді Әділет Қазбанов.
Дәл осы мердігерлік ұйым облыс орталығында тағы бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асыруда. 39-разъезд маңында олар тұрғын үйлерді судан қорғау мақсатында бөгет салып жатыр. Құрайлыдағы жаңа құрылыс ауданында жаңбыр және еріген қар суын ағызуға арналған кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Шығыс ауданында бөгет құрылысы аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
Өңір басшысы Асхат Шахаров атқарылып жатқан жұмыстардың облыс орталығы мен тұрғындарды қорғауда ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, олардың сапасы мен мерзімінде орындалуына бақылау үздіксіз жүргізілетінін айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді