10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда алма шырынын өндіру көрсеткіші жарты жылда 23% өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында отандық өндірушілер 8,6 млн литр шырын шығарды, ал өткен жылдың осы кезеңінде 7 млн литр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сондай-ақ елімізде көкөніс шырындарының өндірісі 2% артты. Оның ішінде қызанақ шырынының өндірісі 3,3% өскен. 2023 жылдың қаңтар-маусымындағы 1,7 млн литрмен салыстырғанда 1,8 млн литр қызанақ шырыны жасалған.
Алты айдың ішінде 367 млн литр минералды және газдалған сусын шығарылды. Бұл 2023 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 1,2% артық.
Жылдық мәнде минералды және ауыз судың бағасы 16,3% қымбаттаған. Салқындатылған сусындар бойынша – 11,9%, көкөніс және жеміс шырындары бойынша – 11%.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді