30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ірі және шағын қалаларда кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспар қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Премьер-Министр Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және оларды жаңғырту жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, әділ сынға алғанын еске салды. Атап айтқанда, жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары кешігіп жатыр.
Бүгінде еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60%-дан асып кеткен.
Кейбір қалаларда тіпті 90%-дан асады. Олардың қатарында Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалық және басқа да қалаларды атауға болады.
Ірі қалаларда кәріз жүйелері өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған, әбден ескірген. Сондай-ақ сарқынды сулардың көлемі де жыл сайын көбейіп келеді, оларды тазарту қиындап барады.
«Бұл мәселенің маңызы өте зор. Халықтың қалыпты тұрмысына ғана емес, экологияға әсері де аса маңызды. Әрбір жобаны іске асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Осыған байланысты Премьер-Министр бір ай мерзімде әрбір жобаны іске асыру кестесін бекіту және олардың орындалу барысы туралы Үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұрудың;
кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын уақытылы іске асыру үшін қажетті техникалық құжаттамаларды жедел әзірлеу мен бекітудің;
екі ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеуді және тазарту құрылыстарының қалдықтарын одан әрі өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізудің маңызын атап өтті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды