20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда сингапурлық инвесторлар – GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, құжатта Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.
Үкімет атынан Цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға, оның мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ «бұлтты» технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік жағдай қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді.
Жоба жалақы деңгейі жоғары жұмысорындарын ашу және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналады. Қазақстан IT-қызметтер экспортын едәуірарттырып, халықаралық нарықтарда жергілікті IT-компаниялардың қатысуын кеңейтеді және оның жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін күшейтеді деп күтілуде.
Осылайша, ДӨО іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды.
Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал ДӨО 2030 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?