6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда шикізаттық емес тауарлар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілде айларында 46,7 миллиард АҚШ долларды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 21,7 пайызға өскен. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осы жылдың 7 айында шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14,2 миллиард долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7 пайызға өсті. Шикізаттық емес экспорттық тауарлардың топ-3 өніміне мыс, мыс катодтары, ферроқорытпалар, уран кіреді, - деді Қайрат Төребаев.
Оқи отырыңыз:
Сауда және интеграция вице-министрінің айтуынша, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланд елдері негізгі нарық көзі болып қала береді. Сондай-ақ ЕО, Қытай және Орталық Азия елдеріне жеткізілімдер айтарлықтай өскен.
Экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 100-ден астам компания халықаралық көшпелі іс-шараға қатысты. Бұлар - 7 елдегі сауда миссиялары, Қытайдағы халықаралық көрме. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қолдаудың нәтижесі 500 миллион доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарт жасалды, - деді Қайрат Қалмұқаметұлы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі