Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжіліс отырысы кулуарында Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банкке айналуға ниет білдіргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазір елімізде екінші деңгейлі банкке айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Оларда банкке айналуға мүмкіндік беретін капиталдың жеткілікті деңгейі бар, - деді М. Әбілқасымова.
Осы ретте ол жаңа банктерді ашу талаптарын ырықтандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлегенін айтты. Түзетулер қабылданғаннан кейін екінші деңгейлі банктерді ашуға ниет білдіретіндер көбеюі мүмкін.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер