Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСенатта «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заң аясында «онлайн платформаны пайдаланушы» және «инфлюенсер (блогер)» анықтамаларымен қатар басқа да терминдер енгізіледі.
Заң нормалары мемлекеттік тілдегі онлайн платформалар интерфейсін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда барлық онлайн платформалар интерфейсті қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік бермейді, пайдаланушы келісімімен толық танысуға қарапайым мүмкіндік жоқ. Заңмен онлайн-платформаларда жалған ақпаратты таратуға және орналастыруға тыйым салу, сондай-ақ онлайн-платформаның меншік иесіне оны жою бойынша талаптар енгізіледі, - деді Сенат депутаты Айгүл Қапбарова.
Сонымен қатар заң жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беретінін айтты.
Онлайн-платформалар туралы жарнамаға, әсіресе балаларға қатысты, мақсатты жарнама механизмін неғұрлым мұқият талдау бойынша міндеттемелерді көздеу жоспарлануда. Сондай-ақ заң жобасы онлайн ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуды көздейді. ҚР азаматтарының өтініштері негізінде буллинг пен өшпенді риториканы қамтитын мазмұнмен күресуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу ұсынылады, - деді сенатор.
Осы орайда «онлайн-платформа» және «онлайн-жарнама» ұғымдарын енгізуге байланысты Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстерге, «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Білім туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?