Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық тасымалдаушы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай жолаушылар пойызын рәсімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты.
Қаныш Сәтпаевтың ғылыми қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады.
Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған, – делінген ҚТЖ хабарламасында.
Қаныш Сәтпаев – ірі мыс, көмір және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, еліміздің экономикалық дамуына едәуір әсер етіп, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?