10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде отбасын құруға асықпайтын 2 миллионға жуық қазақстандық бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Статистикаға сүйенсек, бойдақ еркектер саны әйелдерден 133 мыңға көп екені белгілі болды. Үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Онда 250 мыңнан астам бойдақ жігіт, 230 мыңға жуық басы бос қыз бар. Алматы облысында да басы бостар көп.
Ал Атырауда ел бойынша некеге тұрмағандар ең аз, 59 мың бойдақ бар. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыс құрмаған 45 мың әйел тұрады.
Еліміздің барлық аймақтарында бойдақ еркек басы бос әйелден көп болғанымен, Алматыда тұрмысқа шықпаған қыз көбірек. Онда 230 мыңға жуық күйеуге шықпаған қыз және 189 мың бойдақ жігіт тұрады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді