19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен көрсеткіші Жамбыл облысында тіркелген. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
91,9% құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы бірінші қыркүйектегі жолдауында 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етуді тапсырды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыз суға қолжетімділік қалаларда 98,4% және ауылдарда 94,5% құрады. Соның ішінде ең төмен көрсеткіші Жамбыл облысында тіркелді. Яғни 91,9%, - дейді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.
Ол осы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыру үшін 280 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.
Бүгінде 89 қалалық елді мекеннің 64-ті 100 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 25 қала 2025 жылдың соңына дейін (оның ішінде осы жылы 4 қала Шымкент, Талғар, Өскемен және Шемонаиха) кезеңдік жоспар шеңберінде қамтамасыз етілетін болады, – деді вице-министр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары