19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Былтырғы жылы отандық авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің әуе транзиттерінің бүгінгі қарқыны жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылы қызмет көрсетілген ұшу көлемі 410 мың ұшақты құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 90%-ға, яғни 215 мың ұшаққа артық.
Қазіргі уақытта ішкі авиатасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Аптасына 56 ішкі авиамаршрут бойынша 706 рейс ұшады. Ұшу қолжетімділігін жақсарту және ішкі туризмді дамыту мақсатында авиамаршруттарды субсидиялау қолданылады. Биыл 7 облыста 23 авиамаршрутты субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінді. Ішкі туристік бағыттарға басымдық беріледі,- деді министр.
Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылғанына тоқталып өтті.
Бүгінгі күні 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары, - дейді Марат Қарабаев.
Биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның 9-ы ашылғанын атап өтті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары