Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСанитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында бірқатар мемлекеттік органдар мен қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті. Оған Мемлекеттік кірістер комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі, «QazSpirits» қауымдастығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазстандарт өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстандағы алкогольді өнімдердің қолдан жасалуына қарсы күрес жүргізу, заңнамалық шектеулер және нарықтың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жолдары туралы негізгі тақырыптар қамтылды.
Суреттер: Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы
Басқосуда орталық мамандары санитариялық-химиялық зертхананың жұмысын және Delta Q изотоптық масс-спектрометрін пайдалана отырып, изотоптық талдау әдісімен таныстырды. Бұл әдіс жасанды өнімдерді анықтауда өзінің тиімділігін дәлелдегенімен, оны кеңінен қолдану үшін заңнамалық бекіту және мемлекеттік бақылау жүйесіне енгізуді талап етеді.
Бұл іс-шара Қазақстандағы алкоголь нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғау бойынша маңызды қадам болды. Мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП тарапынан заңнамалық реттеу мәселелерін шешуі еліміздегі алкоголь нарығының қауіпсіздігін бақылаудың заманауи әдістерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді