20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов елімізде интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Интернет алаяқтарға қанша жерден тосқауыл қойылғанымен, олардың айласы асып тұрғанын көріп отырмыз. Мысалы, әртүрлі telegram чаттар арқылы қомақты ақша табыңыз деп, талай үйде отырған аналарды алдап жатыр. Қылмыстық іс қозғалғанымен, алаяқтың өзін табу мүмкін емес болып отыр, - деді депутат.
Қасқарауовтың сөзінше, соңғы ақпараттарға сәйкес тоғыз айда елімізде 15 мың интернет алаяқтық тіркелген. Оның ішінде 3 мыңнан астамы ресми банктердің атын жамылып азаматтарды алдаған.
Осы жерде нақты сауал туындайды. Өздерінің құрығына түсіретін алаяқтар азаматтардың жеке деректерін, телефон нөмірлерін қайдан алады?! Оларға бұл деректерді кім береді? Қанша жерден адамдардың жеке деректерін заңмен қорғап, оның таралуын шектесек те, алаяқтық тоқтайтын емес. Жеке деректердің құпиялылығы ешкімде құпия болмай тұр, - деді ол.
Осы ретте, депутат өз өмірінен бір мысал келтірді.
Жақында бір танысым жеке компаниясын ашып, құжаттарын egov электронды үкіметі арқылы тіркетті. Бұл процесс ешкімнің қатысуынсыз, тек порталда жасалды. Дегенмен, сол күні оған үш бірдей банктен қоңырау түсіп, арнайы есептік шот ашыңыз деген ұсыныс жасаған. Ал ертеңіне заңгерлік-бухгалтерлік қызмет көрсететін жеке компания өкілдері хабарласып, өз қызметтерін ұсынған. Ең сорақысы, енді жеке таксопарк өкілдері тынымсыз хабарласып көлік қызметін ұсынып отыр екен. Бұның бәрі небәрі 2-3 күнде орын алған жағдай, - деді Қасқарауов.
Мәжілісмен Әділет министрлігіне осы аталған мекемелерде жаңадан серіктестік құрылғанын, оның басшысы кім екенін және кеше ғана ресми тіркелген кәсіпкердің жеке ұялы телефон нөмірін қайдан алып отырғаны жөнінде сауал қойды.
Бухгалтерлік компаниялар мен таксопарк өкілдерінің қолына түскен ақпарат алаяқтарда да жоқ дегенге кепілдік бар ма? Яғни, біздің жасаған жұмыстарымыздың нәтижесіз екені айқын көрініп тұр. Осы ретте, аталған мәселе бойынша дер кезінде шара қабылдауларыңызды сұраймыз, - деді мәжіліс депутаты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?