20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселесін шешу үшін жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қараша айының басында өңірлерде 83 мың оқушыға арналған 85 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы, осы жылдың соңына дейін түрлі қаражат көздері арқылы 132 мың орындық 154 мектеп, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мекте пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің, 113 елді мекендегі оқушылар орнының тапшылығы мәселелерін шешеді.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да іске асырылуда. Биыл құрылысы басталатын 217 мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған, - делінген мәліметте.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?