20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда 800 мектеп кітапханасының модернизациясы аяқталып, 280 мыңнан астам бала жаңартылған ресурстарға қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту 1000 ауыл мектебін модернизациялау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Биыл модернизация аясында 800 мектеп кітапханасы жаңартылып, олардың қоры жаңа көркем әдебиетпен толықтырылды. Сонымен қатар, кітапханалардағы жиһаздар жаңартылды, – деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
Бұдан бөлек, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
Сондай-ақ мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы 1 775 маман арнайы курстан өтті, оның ішінде 1 239-ы мектеп кітапханашысы, 536-сы колледж кітапханашысы. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, олардың жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?