Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінде елімізде интернет алаяқтық пен қаржы пирамидасы мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар жұмыс жүргізілуі тиіс.
Мәселені шешу үшін ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев бірқатар жұмысты жүргізіп жатқандарын айтты.
«Кез келген адам қаржылық қауіпсіздікті білмегендіктен алаяқтарға алданып қалып жатады. Мұндай жағдайға тап болмас үшін тұрғындар оқушы кезінен бастап қаржылай сауатты болуы керек. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру және басқару сияқты алаяқтық түрлеріне қарсы тұру жұмыстарын жетілдірді», - деді ол.
Спикер елімізде биыл қанша интернет-ресурс бұғатталғанын да атап өтті.
«Интернет кеңістігіндегі алаяқтық жыл сайын өсіп келеді. Алдап халыққа қаржы салдыратындардың санын азайту мақсатында олардың сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды. Осы жылдың өзінде 8500 интернет-ресурс бұғатталды», - деді Нұрлан Адалиев.
Сондай-ақ ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры қаржылық қауіпсіздік жөнінде оқушылар мен студенттерге сабақ жүргізілгені жайлы айтты.
«Оған қоса оқу жылы бастала саласымен 300 мектеп, 34 университет пен 40 колледжде 17 000 оқушы мен студентке алғаш рет қаржылық қауіпсіздік туралы сабақ өткізілді», - деді директор.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес