7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елдімекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмыстар қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға, балалардың оқу мен тәрбиесіне жайлы жағдай жасауға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жеті негізгі бағытты қамтитынын атап өтті. Осы жұмыстар аясында биыл 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді. Бұл шамамен 300 мың балаға заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекет жыл сайын білім беру инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Мектеп кітапханаларын жаңғырту аясында автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізілуде, коворкинг-аймақтар ашылып, күрделі жөндеу жүргізіледі, жиһаздар жаңартылуда, – деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
Мектептерде кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізілуде, ал 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды. 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады.
Кадр даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, тек 2024 жылы 1 775 мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 2025 жылы оқу жалғасады. Бұл — мектеп кітапханаларын балалар үшін шынайы білім мен қарым-қатынас орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?