10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде 220 мыңнан аса педагог жалақысына 50%-ға дейін қосымша ақы алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, республика бойынша 350 мыңнан аса педагог еңбек етіп жатыр. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады.
Педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 мың 820 педагог-модератор, 81 мың 168 сарапшы, 71 мың 141 зерттеуші, 3 мың 482 шебер бар, – делінген ведомство хабарламасында.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%, яғни, 2 есе артты. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30% көбейді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді