Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысындағы олимпиадалық даярлық базасының құрылысы аяқталуда. База бір уақытта 2300 спортшыға 23 олимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ермек Боранбайұлының сөзінше, Астанада Ұлттық спорт университеті салынуда. Құрылыс 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Университеттің іске қосылуы кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап жоғары жетістіктер спортына дейінгі үздіксіз процесін қамтамасыз етпек. Республика бойынша екі жыл ішінде 113 жаңа спорт нысаны салынады. Яғни 26 жұмыс істеп тұрған нысан қайта жаңартылады, - деді туризм және спорт министрі.
Еліміздің барлық спорттық инфрақұрылымына ауқымды түгендеу жүргізілді. Спорттық инфрақұрылымда, атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізбесі айқындалады.
Келесі жылдан бастап «модульдік үлгідегі 100 тез салынатын аз шығынды спорт нысаны» жобасын іске қосу көзделген, - деп атап өтті министр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?