10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің аумағында бір апта ішінде 3 600-ден астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір апта ішінде 3 608 қылмыс жасалды, оның 1893-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 35 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар ресми өкіл өткен аптада құқық қорғау және арнайы органдардың командалары Ішкі істер министрі кубогын сарапқа салғанын атап өтті. 17 команда қатысқан шағын футбол сайысында ІІМ құрама командасы 1-орынды, «Динамо» командасы 2-орынды, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының командасы 3-орынды иеленген.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді