19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақмола полицейлері елді мекенге кірген елікті аулау фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер анықтағандай, 26 қаңтарда ауыл тұрғыны тұрғылықты үйінің терезесінен елді мекенге кіріп, көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген.
Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ атқан. Бір елікке оқ тиді, басқалары қашып құтылды. Содан кейін ауыл тұрғыны тұшаны сою үшін шаруашылық ғимараттарға апарды, алайда полицейлер оны сол жерде ұстады, - делінген мәліметте.
Полицейлердің заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сондай-ақ сараптамаға ер адамның айтуынша әкесінен қалған, бірақ тиісті түрде полицияда тіркелмеген қару-жарақ жіберілді.
Сараптама нәтижелері бойынша тергеушілермен соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары