Елге смартфон әкелетіндерге жаңа талап: IMEI-кодқа қатысты не білу керек?

Елге смартфон әкелетіндерге жаңа талап: IMEI-кодқа қатысты не білу керек?

30.06.2026 17:55
Аян Қайырбаев
Фото: El.kz

Қазақстанға шетелден смартфон немесе ұялы байланыс модулі бар басқа да құрылғыларды әкелетін азаматтар үшін жаңа талап күшіне енді. Енді кедендік декларацияны толтыру кезінде құрылғының IMEI-кодын көрсету міндетті.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, жаңа ереже 2026 жылғы 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының №34 шешіміне сәйкес қабылданған.

Жаңа талап жеке пайдалану үшін әкелінетін мынадай құрылғыларға қолданылады:

Енді жолаушылар кедендік декларациясын толтырған кезде құрылғының халықаралық сәйкестендіру нөмірі – IMEI-код міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл ақпарат декларациядағы «Тауардың атауы және сипаттамасы» деген бағанға енгізіледі.

IMEI не үшін қажет?

Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіруінше, IMEI-код құрылғыны сәйкестендіру және оны Қазақстанның байланыс және кеден заңнамасына сәйкес тексеру үшін қажет. Бұл талап байланыс құрылғыларының заңды айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған.

Декларацияда қате жіберсе не болады?

Ведомство азаматтарға декларацияны мұқият толтыруды ескертеді. Егер кедендік декларацияда толық емес немесе жалған мәліметтер көрсетілсе, азаматтарға ЕАЭО және Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

Кедендік рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болмас үшін құрылғының IMEI-кодын алдын ала тексерген жөн. Оны:

Осы кодты кейін жолаушылар кедендік декларациясына дұрыс енгізу қажет.

Еске салайық, 2025 жылғы 25 наурыздан бастап Қазақстанға осы күннен кейін әкелінген барлық мобильді құрылғылар IMEI-код бойынша міндетті верификациядан өтеді.

Ал аталған күнге дейін елге әкелінген құрылғылар автоматты түрде расталған болып есептеледі.

Бастапқы екі айда бұл рәсім бизнес үшін тегін болғанымен, 2025 жылғы 25 мамырдан бастап әрбір телефонды тіркеу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 4 325 теңге) мөлшерінде төлем белгіленді.

Сарапшылар не дейді?

IMEI жүйесінің енгізілуі заңсыз әкелінетін құрылғылардың айналымын азайтып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Алайда іс жүзінде бұл жүйе қоғамда түрлі пікір туғызды.

Әлеуметтік желілерде шетелден сатып алынған немесе бұрын пайдаланылған кейбір смартфондардың IMEI-коды жүйеде расталмай, құрылғылардың байланыс желісіне қосылмай қалғаны туралы шағымдар көбейді.

Сонымен қатар мұндай мәселелерді ақшаға «шешіп береміз» деп делдалдық қызмет ұсынатындардың пайда болғаны да айтылып жүр.

Осыған байланысты мамандар азаматтарға смартфон сатып алар алдында оның IMEI-кодының заңды тіркелгенін тексеруге және құрылғыны ресми сатушылардан алуға кеңес береді.

Оқи отырыңыз