29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина азаматтығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Әрине, мен Қазақстанның азаматымын. Азаматыққа қатысты сұраққа бұған дейін де жауап бергенмін. Соңғы 2 жыл бойы нақты еш жерде тұрмаймын. Әр апта сайын бір қонақүйден екінші қонақүйде жүрмін. Одан қалды дайындықта, жарыста жүремін. Яғни нақты тұрақты мекенім жоқ», - деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, теннисші шетелдік спортшыларды тартпай, отандық спортшыларды даярлау керек дегенге қатысты ойын ортаға салды.
«Өз басым жоғарыда аталған ойды қолдаймын. Біріншіден, егер Қазақстан болмаса, менің қазір кім болатыным белгісіз. Теннис Қазақстан үшін жас спорт түрі. Осы орайда мен Қазақстанда теннисті танымал ете түсетін адам шығармын. Ол үшін қуаныштымын. Бұл үлкен жауапкершілік. Мен жауапкершілікті сезінемін және мақтан етем», - дейді ол.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек