19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында ресейлік Людмила Самсоновамен (18-орын) өзара шеберлік байқасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған кездесу жексенбі күні таңертең Астана уақытымен 06:30-да басталуға тиіс болғанымен, 23:30-да жауған жаңбырға байланысты кейінге шегеріліп отыр.
Бұған дейін турнир барысында қазақстандық теннисші америкалық Дженнифер Брэдиді (584-орын) - 6:7, 7:6, 6:3 - және Слоан Стивенсті (38-орын) - 6:3, 6:3 және ресейлік Дарья Касаткинаны (14-орын) 5:7, 7:5, 7:6 есептерімен жеңген еді.
Биылғы Монреальдағы турнирдің жүлде қоры 2 788 468 долларды құрайды. Байқау жеңімпазы 454 500 доллар еншілеп, 900 рейтингтік ұпайға ие болмақ.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары