Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің басталуымен Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
Қазіргі есеп бойынша Рыбакинаның еншісінде 7911 ұпай бар. Беларусь өкілі Арина Соболенко 6585 ұпаймен екінші орынға түсті. Алайда турнир басталғанға дейін жарияланған WTA-ның ресми рейтингінде Соболенко 8575 ұпаймен көш бастап тұр, ал 8141 ұпай жинаған Рыбакина екінші орында орналасқан. US Open басталар алдында теннисшілердің 2025 жылғы турнирде жинаған ұпайлары есептен шығарылды.
Жарыстың қазіргі чемпионы болған Соболенко 2000 ұпайынан айырылса, Рыбакинаның есебінен әлдеқайда аз ұпай шегерілді. Соның нәтижесінде Қазақстан өкілі биылғы US Open аяқталмай тұрып-ақ Live-рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Live-рейтинг - ағымдағы турнир аптасы барысында өзгеріп отыратын нәтижелер мен ұпайларды ескере отырып есептелетін теннисшілердің рейтингтегі орындарының алдын ала көрсеткіші.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?