19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалда жерлесіміз әлемнің 21-ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны ұтты - 6:3, 6:2. Матч 1 сағат 2 минутқа созылды.
Осылайша, өзара кездесулер бойынша Елена алға шықты - 3-2. Бұл Рыбакинаның Уимблдондағы 19-жеңісі.
Финал жолдамасына таласта Елена чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі. Чех қызы әзірге WTA рейтингінде 32-орында тұр. Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенкодан басым түсті - 6:4, 7:6(4).
Тағы бір жартылай финалда әлемнің 37-ракеткасы хорватиялық Донна Векич пен Ролан Гаррос финалисі, әлемнің 7-ракеткасы италиялық Ясмине Паолини өзара кім мықтыны анықтайды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары