29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирді одан әрі жалғастыра алмады. Ол 1/8 финалда италиялық қарсыласы Жасмин Паолиниге қарсы ойнаған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матчтың алғашқы сеті 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған, алайда екінші сетте қазақстандық спортшы иық жарақаты салдарынан 2:5 есебімен ойынды аяқтауға мәжбүр болған. Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі ойынды аяқтады, ал Жасмин Паолини ширек финалға шықты.
Еске салсақ, Цинциннатидағы турнирдің сыйақы қоры биыл 2 788 468 долларға тең. Турнирдің қазіргі чемпионы - франциялық Каролин Гарсия. Ол былтырғы финалда Чехиядан келген Петра Квитованың жеңген болатын (6:2, 6:4 есебімен).
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек