Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын ұтты, деп хабарлайды El.kz.
Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты.
Осыған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласқан. Екеуінде де қазақстандық теннисші британдықтан айласын асырды.
Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Е.Рыбакина дес бермей, қатарынан бес геймді алды - 6:1.
Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.
Сәрсенбі күні қазақстандық қыздар С тобында Испаниямен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді