Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздің теннис федерациясының мәліметі бойынша, қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастаған. Ол әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесіп, басым түсті.
Бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңді - 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілірек болды - 6:1.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққан еді. Александр Бублик енді келесі кезеңле әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді