22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичтен басым түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионына қарсы ойынды өте сенімді өткізді. Кездесу небәрі екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Белинда Бенчич – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жекелей сындағы алтын жүлдегері. Сондықтан бұл жеңістің Рыбакина үшін маңызы зор.
Бұл кездесу Елена Рыбакинаның биылғы күнтізбесіндегі жекелей сындағы соңғы матчы болды. Осылайша, ол маусымның жекелей бағдарламасын жеңіспен түйіндеп отыр.
Алайда, Рыбакинаның Шэньчжэньдегі жорығы мұнымен аяқталмайды. Бүгін ол аралас жұптық сын аясында кортқа қайта шығады. Серіктесі: Ресейлік теннисші Андрей Рублев; Қарсыластары: Валантен Вашро (Монако) және әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Ига Швёнтек (Польша).
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев