19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Теннистен әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанына қатысты түсініктеме, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының жазуынша, отандасымыз үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормоға қарсы ойнауға тиіс болған. Алайда ол денсаулығына байланысты жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Кеше қызуым көтеріліп, өзімді жайсыз сезіндім. Бүгін де солай болып отыр. Мұндай жағдайда құмда ойнау өте ауыр. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Қызу, бас ауруы әрі нашар ұйықтаған жайым бар. Мұның белгілерін екінші айналымнан кейін сезіндім. Сөйтіп жолым болмады. Алда Ұлыбританияда көгал төсенішінде өтетін маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын, - деді Е.Рыбакина.
Бұған дейін Елена Рыбакина қарсыласын жеңіп, Францияның ашық чемпионатының үшінші айналымына шыққан болатын.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары