Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) 19-24 желтоқсанда өтетін World Tennis League турнирінде ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыста төрт топқа («Бүркіттер», «Сұңқарлар», «Қаршығалар», «Әуе жыландары») бөлінген 18 ойыншы өнер көрсетеді.
Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина «Қаршығалар» тобында германиялық Александр Зверев, аустриялық Доминик Тим және эстониялық Анетт Контавейтпен бірге ойнайды.
Барлық топ бір-бірімен кездеседі. Ең үздік екі топ финалда кім мықтыны анықтайды. Әр бәсеке үш ойыннан тұрады, біреуі ерлер, екіншісі әйелдер арасында, үшіншісі аралас жұпта (микст) болады.
Елена Рыбакина 20 желтоқсанда әлемнің бесінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен сынға түседі. 22-сінде Рыбакина Зверевпен бірге канадалықтар Феликс Оже-Альяссим - Эжени Бушармен кортқа шығады. 23 желтоқсан күні Елена әлемнің 4-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары