29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді — ол Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елена Рыбакина WTA турнирінің финалында белорус Арина Соболенконы ұтқан болатын.
Турнирдегі жеңісі үшін Елена 220 000 доллар және 500 рейтингілік ұпайға ие болады. Ал финалда жеңілген Арина Соболенко 135 000 доллар мен 325 ұпай еншіледі.
Енді Елена Рыбакина 8-і мен 13 қаңтар аралығында Аделаидада өтетін (Австралия) Adelaide International турнирінде бақ сынайды. Сонан соң Australian Open-ге қатысады. Былтыр ол Австралияның ашық біріншілігінде финалға дейін жетіп, үш сет қорытындысы бойынша Соболенкоға есе жіберген — 6:4, 3:6, 4:6.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек