Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық спортшы өз шеберлігінің әлдеқайда басым екендігін көрсетті – 6:2. Екінші сетте де бірден алға кетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:1.
Бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингте 133-сатыдағы чехиялық Каролина Мухованың біреуімен кездеседі. Елена жуырда Д.Коллинзді Аделаидада 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді