Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кездесуде Рыбакинамен бірге Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова мен Жанель Рүстемова күш сынасады. Қосалқы құрамда Аружан Сағындықова болады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Билли Джин Кинг Кубогы – ұлттық құрама тұрақты түрде қатысатын әйелдер арасындағы ең ірі халықаралық командалық теннис жарысы.
Айта кетейік, Елена Рыбакина наурыз айында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғаны белгілі.Сондай-ақ 2 сәуірде аяқталған Майами мастерс жарысының финалына дейін жетті.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек