Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Алматыда болып, жас теннисшілерге қуаныш сыйлады. Қазақстсндық теннисші Gorky Tennis Park тәрбиеленушілерімен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Балалар теннисшімен әңгімелесіп, сауалдарына жауап алды. Олар Елена Рыбакинаның құнды кеңестерін тыңдады.
Теннис федерациясының мәліметінше, кездесуден кейін теннисші баспасөз мәслихатын өткізді. Онда 16-21 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтетін командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Жеңіс үшін барымызды саламыз. Біздің қарсыласымыз — АҚШ құрамасы өте мықты. Онда кім ойнамасын, бәрі де алдыңғы саптағы ойыншылар, — деді Елена Рыбакина.
Теннисші сондай-ақ әлеуметтік желімен де айналысып, командасымен бірге You Tube каналын ашқанын жеткізді. Ұлттық тағамдарға қатысты пікірін білдірген Елена Рыбакина сәті түскенде, бауырсақты сүйсіне жейтінін айтты.
Елена Рыбакина сапар барысында Болат Өтемұратовтың қоры құрған «Асыл мирас» орталығында да болып, жұмысымен танысты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары