Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы12 маусым күні Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соған сәйкес қазақстандық Елена Рыбакина тарихи үшінші орынға көтерілді.
Бұған дейін мұндай жетістікке елімізден ешбір теннисші жетпеген. Елена Рыбакина өзінің көрсеткішін жаңартып қана қоймай, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Дәл қазір әлемнің үшінші ракеткасының еншісінде 5090 ұпай бар. Ал оның алдында «Ролан Гаррос-2023» чемпионы Ига Швёнтек (8940) пен Арина Соболенко (8012) тұр.
Еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева да көрсеткішін жақсартып, жеті сатыға жоғарылады. Енді ол әлемнің 51-ракеткасы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді