Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында әлемдік рейтингте тұңғыш рет үздік бестіктің қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл күндері Римде «Мастерс» турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Осылайша ол алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік алды. Егер бәрі сәтті болса, Елена рейтингте төртінші орынға да шығуы мүмкін.
Аламанның төртінші айналымда Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар 2021 жылы Мәскеу жарысында кездесіп, онда чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші Рыбакина есе қайтарды. Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Елена Рыбакина жартылай финалдың жолдамасын әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен сарапқа салады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді