Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италия жерінде өткен «Мастерс» турнирінің сериясында кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы финалда украиндық Ангелина Калининаны жеңді. Осылайша, теннисші WTA (Live-рейтинг) рейтингінде төртінші орынға көтерілді.
Теннис федерациясының мәліметінше, Рыбакина Калининаны бірінші сетте 6:4 есебімен жеңген, ал екінші сетте ойын 1:0-ді көрсеткенімен қарсыласы ойыннан шыққан.
Осылайша, Қазақстан спортшысы титулды иеленді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина маусым мен спорттық мәнсабында WTA 1000 екінші титулына қол жеткізіп отыр.
Сондай-ақ ол биыл Австралияда өткен Ашық чемпионат пен Miami Open WTA 1000 финалына шықты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді