20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл.
Абай атамыздың жақұт жырлары мен шығармалары адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнегеге толы. Ұлы ақынның бірқатар өлеңдерінен барша халықты адамдық қасиеттерге үндейтін ізгілікті ойлар көптеп кездеседі. Адам боламын дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған мағыналы ойлар жастарды ғылым-білім үйренуге шақырып, адам бойында кездесетін жаман-жақсы қасиеттердің жігін түсінуге жетелейді.
Расында, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» дегендей, мен бала күнімнен ойшыл ақынның берер өнегесін бойыма сіңіріп келемін. Тәрбиелік арнаның қайнар көзі жатқан 150-ден астам өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін. Өзімнен кейінгі бауырым да қазақтың кемеңгер тұлғасының туындыларын оқып, өсіп келеді. Себебі өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім. Міне, бүгінгі мақала да соған дәлел.
Елена Пак,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда Мемлекеттік университетінің
«Филология» факультетінің 2 курс студенті
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?