22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Осы ретте Мәжілісі депутаты Олжас Құспеков электрондық коммерцияның дамуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, электрондық коммерцияның қарқынды дамуы біз үшін үлкен мүмкіндік береді. Қазақстанның осы саладағы әлеуетін толық пайдалануының маңызы өте зор.
Логистика жүйесінің дамуы – бизнестің табысты болуының негізгі факторларының бірі. Қазір көптеген кәсіпорындар мен сауда компаниялары үшін тауарларды тиімді әрі уақытында жеткізу – басты міндет. Мұнда «жасыл дәліздердің» тиімді жұмысы маңызды рөл атқарады. Егер тасымалдау жүйесі жеңілдетілсе, шекаралас елдермен саудадағы мүмкіндіктер еселене түсер еді. Сол себепті инфрақұрылымды дамыту – кәсіпкерлер үшін аса қажетті қадам, – деді депутат
Сонымен қатар Олжас Құспеков қазіргі заманғы технологиялар тек логистиканы ғана емес, жалпы бизнес процестерін оңтайландыруға да ықпал ететінін атап өтті. Автоматтандыру, цифрландыру, жасанды интеллект сияқты құралдар компанияларға уақыт пен ресурстарды үнемдеуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, бұл бағыттағы мемлекеттің қолдауы арта түссе, Қазақстанның бизнес ортасы жақсарып, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деп сенемін, – деп сөзін түйіндеді Олжас Құспеков.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев