Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысының тұрғыны ұрланған электр құралдарын елорда базарында сатқан. Әуесқой ұрының Целиноград ауданы мен Қосшы қаласында 20 ұрлыққа қатысы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінгі күні 33 жастағы астаналықтың 8 бөтен мүлікті ұрлауға қатысы бар екендігі дәлелденді. Тағы 12 қылмыс бойынша тиісті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жыл бойы Целиноград полиция бөліміне Қараөткел және Қоянды ауылдарының тұрғындарынан электр құралдарын ұрлау фактілері бойынша өтініштер келіп түсті. Тергеу барысында белгілі болғандай, осындай өтініштер Қосшы қаласы мен Аршалы ауданының полиция бөлімдерінде де тіркелген.
Жәбірленушілердің айғақтарына сәйкес, белгісіз адамдар елді мекеннің шетінде салынып жатқан объектілердің аумағынан электр құралдарын ұрлаған.
Барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Айта кету керек, полицияға осындай 20 өтініш түскен.
Осы қылмыстарды ашу және күдіктілерді анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Елордалық аумақта және Астанаға кіру-шығу кезінде орнатылған бейнебақылау камераларының деректерін мұқият зерделеді. Жедел қызметкерлер өткізу пункттерін тексеріп, бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотталған адамдар мен ықтимал куәгерлерден жауап алынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Астана қаласында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол ауылдық елді мекендерге өзінің Lada Priora автокөлігімен келіп, иелері тиісті бақылаусыз қалдырған электр құралдарын әкетіп, содан кейін сатқаны анықталды.
Кейіннен ұрланған электр құралдары елорданың құрылыс нарығында сатылған. Тінту іс-шаралары кезінде полицейлер электр құралдарының 120-дан астам түрін тәркіледі, олардың бір бөлігін жәбірленушілер таныған. Қазіргі уақытта ұсталған адамның 8 ұрлыққа қатысы дәлелденген, тағы 12 факт бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұры уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?