Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекітуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тақырыпта премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндама жасады. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында жылу, электр және сумен жабдықтау кәсіпорындарында жабдықтардың тозуына талдау жүргізілді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес, 22 жылумен жабдықтау кәсіпорындарында тозу көрсеткіші 65%-дан 90%-ға дейін, 18 электрмен жабдықтау объектілерінде – 70%-дан 97%-ға дейін, 13 сумен жабдықтау кәсіпорындарында – 70%-дан 100%-ға дейін, 24 су бұру кәсіпорындарында – 70%-дан 100%-ға дейін құрады.
Сонымен қатар 55 энергия өндіруші ұйымда жабдықтың орташа тозуы 56%-ды құрайды. Алдын ала бағалаулар бойынша Ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет. Қаржыны 4 көзден тарту жоспарланған. Бұл отандық және халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, бюджет пен Ұлттық қордың қаражаты, сондай-ақ энергетикалық объектілердің иелері. Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығы мақсатында Үкімет деңгейінде қаржы институттары мен бизнеске тарифтердің қажетті деңгейлеріне, қарыздар мен капиталды қайтаруға кепілдік беретін құжаттарды қабылдау көзделген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?