28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді. Париж Олимпиадасының чемпионы финалда жарыс қожайыны Хаято Кондомен кездесіп, жапон спортшысына есе жіберді.
Финалға дейін үш қарсыласын жеңді
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сметов үшін бұл Азия ойындарындағы үшінші медаль болды. Ол бұған дейін 2014 жылы Инчхонда осы салмақта алтын жүлде жеңіп алған. Сонымен қатар ерлер арасындағы командалық жарыста күміс медаль иеленген.
Осылайша, Елдос Сметов Азия ойындарының тарихындағы Қазақстаннан шыққан ең нәтижелі дзюдошылардың бірі ретінде кезекті жүлдесіне қол жеткізді.
Тартысты белдесу болды. Өкінішке қарай, сәл мүмкіндік беріп қойдым. Оған қоса жапон спортшысы өз жерінде күресті, оның да өз әсері бар дегендей. Мен үшін екі жылғы үзілістен кейін финалға шығу зор жетікстік. Сондай-ақ соңғы белдесуге дейін кілең мықты дзюдошылармен кездестім, олардың да шеберлігі мен мықтылығын айта кету керек. Әлі де мықты болып ораламын. Ендігі басты мақсат – Олимпиада тарихын жаңарту. Сондай-ақ өз жерімізде өтетітін әлем біріншілігінде жеңіске жетіп, ел әнұранын шырқату, – деді Елдос.
Елдос Сметов жарысты сәтті бастады. Алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді таза жеңді.
Ширек финалда қазақстандық дзюдошы Моңғолияның әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайваннан басым түсті.
Ал жартылай финалда Сметов Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі Ханчжоу Азиадасының чемпионы Ян Юнвэйді жеңіп, финалға жолдама алды.
Шешуші белдесуде Хаято Кондо жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Елдос Сметов күміспен шектелді.
Абиба Әбужақынова да күміс алды
Қазақстан құрамасының қоржынына дзюдодан тағы бір күміс медальді Абиба Әбужақынова салды. 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері финалда жапониялық Митсуки Кондомен белдесті. Тартысты өткен кездесуде жарыс қожайыны жеңіске жетті.
Отандасымыз финалдық белдесуден кейін алдығы жоспары туралы айтты.
Негізі, осы қарсыласқа алдын ала дайындалдық. Онымен финалда кездесетінімізді білдік. Төрттағандап күресуге ерекше мән беріп, соған дайындалдық. Қанша тырысқаныммен, бұл жолы жеңіліп қалдым. Маған сенім артып, осы жарысқа алып келген жаттықтырушыма алғыс айтамын. Жоғалтатын ештеңем жоқ еді. Финалда барымды салдым. Өйткені күміс медаль менде бар еді. Қазір төрттағандап күресуде шеберлігімді шыңдап жатырмын. Бапкерлерім тік тұрып жақсы күресетінімді айтты. Сондықтан төрттағандап күресуге көбірек көңіл бөліп жатырмын. Алда әлем чемпионаты күтіп тұр. Үш күннен кейін сол додада бақ сынаймын, - деді Әбиба.
Бұл – Абибаның Азия ойындарындағы екінші күмісі. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада да күміс медаль иеленген.
Нагоядағы жарыс жолында Әбужақынова Үндістан спортшысы Асмита Дей мен Тайпей өкілі Лин Чэньхаоны жеңді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?