19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Париж Олимпиадасында бүгін татамиге шыққан қазақстандық Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 60 келіде сынға түсіп, бірінші кездесуінде Нидерланд балуаны Торние Цакаджоені ұтты. Екеуара белдесу негізгі уақытта тең аяқталды. Төреші Сметовке екі рет шидо берсе, қарсыласы бір ескерту алды.
Алайда шешуші сәтте Елдос қапы қалмай вазари ұпайын иеленіп, келесі кезеңге шықты. Айта кететін жайт, Нидерланд балуанын Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде ұтқан.
Енді қазақ дзюдошысы келесі айналымда украиналық Дильшод Халматовпен күреседі. Оны жеңсе Сметов ширек финалға жолдама алды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары